"Ойын бизнесі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 8 шілдедегі № 195 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 14 қазандағы № 202 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 15 қазанда № 40172 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ойын бизнесі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 8 шілдедегі № 195 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20947 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес баяндалған.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      6. Көрсетілетін қызметті алушының құжаттары келіп түскен күннен бастап көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушімен 10 (он) жұмыс күні ішінде лицензия беруге бұйрық, қайта ресімделген лицензия – 3 (үш) жұмыс күні ішінде дайындалады, бұрыштама қойылады /қол қойылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама жібере отырып, цифрлық күту парағы арқылы өтінішті қабылдайды.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесін тоқтата тұру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімі туралы хабарлама жіберілген күннен басталады.

      Құжаттарды қайта ұсынуды көрсетілетін қызметті алушы тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін жүзеге асырады.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзім белгіленеді. Бұл мерзім Тізбенің 5-тармағында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды және одан аспауы тиіс.

      Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштің және (немесе) құжаттардың қабылданған күні болып есептеледі. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.

      Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Тізбенің 11-тармағында көзделген бас тарту негіздері болған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 7-қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес баяндалған.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      6. Көрсетілетін қызметті алушының құжаттары келіп түскен күннен бастап көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушімен 10 (он) жұмыс күні ішінде лицензия беруге бұйрық, қайта ресімделген лицензия – 3 (үш) жұмыс күні ішінде дайындалады, бұрыштама қойылады /қол қойылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама жібере отырып, цифрлық күту парағы арқылы өтінішті қабылдайды.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесін тоқтата тұру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімі туралы хабарлама жіберілген күннен басталады.

      Құжаттарды қайта ұсынуды көрсетілетін қызметті алушы тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін жүзеге асырады.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзім белгіленеді. Бұл мерзім Тізбенің 5-тармағында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды және одан аспауы тиіс.

      Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштің және (немесе) құжаттардың қабылданған күні болып есептеледі. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.

      Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Тізбенің 11-тармағында көзделген бас тарту негіздері болған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес 7-қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Букмекер кеңсесі қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес баяндалған.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      6. Көрсетілетін қызметті алушының құжаттары келіп түскен күннен бастап көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушімен 10 (он) жұмыс күні ішінде лицензия беруге бұйрық, қайта ресімделген лицензия – 3 (үш) жұмыс күні ішінде дайындалады, бұрыштама қойылады /қол қойылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама жібере отырып, цифрлық күту парағы арқылы өтінішті қабылдайды.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесін тоқтата тұру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімі туралы хабарлама жіберілген күннен басталады.

      Құжаттарды қайта ұсынуды көрсетілетін қызметті алушы тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін жүзеге асырады.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзім белгіленеді. Бұл мерзім Тізбенің 5-тармағында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды және одан аспауы тиіс.

      Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштің және (немесе) құжаттардың қабылданған күні болып есептеледі. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.

      Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Тізбенің 11-тармағында көзделген бас тарту негіздері болған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес 7-қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тотализатор қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес баяндалған.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      6. Көрсетілетін қызметті алушының құжаттары келіп түскен күннен бастап көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушімен 10 (он) жұмыс күні ішінде лицензия беруге бұйрық, қайта ресімделген лицензия – 3 (үш) жұмыс күні ішінде дайындалады, бұрыштама қойылады /қол қойылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама жібере отырып, цифрлық күту парағы арқылы өтінішті қабылдайды.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесін тоқтата тұру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімі туралы хабарлама жіберілген күннен басталады.

      Құжаттарды қайта ұсынуды көрсетілетін қызметті алушы тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін жүзеге асырады.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзім белгіленеді. Бұл мерзім Тізбенің 5-тармағында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды және одан аспауы тиіс.

      Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштің және (немесе) құжаттардың қабылданған күні болып есептеледі. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.

      Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Тізбенің 11-тармағында көзделген бас тарту негіздері болған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес 7-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне орындалуы туралы ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
Е. Мырзабосынов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

  Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
2026 жылғы 14 қазандағы
№ 202 бұйрыққа
1-қосымша
"Казино қызметімен
айналысу үшін лицензия беру"
мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына
1-қосымша

1

Мемлекеттік қызметтің атауы

"Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру"

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы (бар болса)

Лицензияны қайта ресімдеу.

3

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті.

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін ұсыну тәсілдері (бар болса)

"цифрлық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы

5

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі және оның кіші түрлері (бар болса)

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын порталға тапсырған сәттен бастап:
1) лицензия беру – 10 (он) жұмыс күні;
2) лицензияны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні. Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға қолданыстағы лицензия болған кезде көрсетілетін қызметті алушы қолданыстағы лицензия мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 90 күн бұрын сол қызмет түріне жаңа лицензия алуға өтініш береді. Бұл ретте жаңа лицензияның қолданылу мерзімі басталған күн қолданыстағы лицензияның мерзімі аяқталған күннен кейінгі күн болып есептеледі.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны және оның кіші түрлері (бар болса)

Барлық кіші түрлері бойынша: Электрондық (ішінара цифрландырылған).

7

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі және оның кіші түрлері (бар болса)

Казино қызметімен айналысуға құқық беретін лицензия, қайта ресімделген лицензия, не осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбесінің 11-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

8

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде заңды тұлғаларға көрсетіледі.
Салық кодексінің 616 бабы 4 тармағына сәйкес сәйкес, казино қызметімен айналысу құқығына жыл сайынғы лицензиялық алым мөлшерлемелері:
лицензия беру кезінде лицензиялық алым 3845 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды.
Төлем қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЦҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

9

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі

Көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығын қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Лицензия алу үшін:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші.
Көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді тиісті цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады;
2) құжаттың электрондық нысанындағы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЦҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22004 болып тіркелген) сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы салаларында (эпидемиялық маңызы жоғары объектілер үшін-санитариялық - эпидемиологиялық қорытынды алу, эпидемиялық маңызы шамалы объектілер үшін-қызметтің басталғаны туралы хабарлама) және "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) сәйкес өрт қауіпсіздігі саласында рұқсат беру құжаттарының көшірмелерін ұсына отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін үш жұлдыздан төмен емес санаттағы қонақ үй кешенінде меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі ғимараттың (ғимараттың, құрылыстың, ғимараттың бір бөлігінің) болуы туралы мәліметтер (www.elicense.kz цифрлық жүйесінде деректер болмаған жағдайда келесідей растайтын құжат ұсыну: үш жұлдыздан төмен емес санаттағы қонақ үй кешенін аккредиттеу туралы куәлік немесе сертификат);
4) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша меншік құқығындағы ойын жабдығы туралы мәліметтер нысаны (растайтын құжаттарды ұсына отырып: тауарға арналған декларация, тауарлық-материалдық құндылықтар бойынша жүкқұжаты, шот-фактуралар, сатып алу-сату шарты);
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағына сәйкес күзет қызметін жүзеге асыруға лицензия алған заңды тұлғалармен осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (растайтын құжаттарды ұсына отырып) шарттардың болуы туралы мәліметтер;
6) құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы қолданылатын легитимациялық белгілердің қазақ және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинацияларын болуы;
7) құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 2-1-тармағына сәйкес ойын бизнесі саласында бекітілетін ойын мекемесі жұмысының, мөлшерлемелерді қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындардың және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдеріндегі үлгілік қағидаларына сәйкес ойын мекемесі жұмысының ережелері;
8) құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 60000 АЕК мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт;
лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші;
2) құжаттың электрондық нысанындағы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЦҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);
3) алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмелері. Көрсетілетін қызметті алушының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжат, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының бюджетіне алым сомасын төлегенін растайтын құжат (ЦҮТШ арқылы төленген жағдайда), лицензия туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзы арқылы алады. Өтінішті портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жолданады.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері

1) ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысуға көрсетілетін қызметті алушының осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынуы;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабында белгіленген біліктілік талаптарға сәйкес келмеуі;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
5) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қатысты ойын бизнесі саласындағы қызметті тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) бар;
7) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған.

12

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің 8 (7172) 741359 телефоны арқылы, не Бірыңғай байланыс-орталығының: 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы алуға болады.

  Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
2026 жылғы 14 қазандағы
№ 202 бұйрыққа
2-қосымша
"Казино қызметімен айналысуға
лицензия беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
7-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-2-бабы 1-тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті мемлекеттік қызмет көрсету процесін (қажеттісін көрсету) мынадай себептерге байланысты тоқтата тұрады:

      1) өтініште және (немесе) ұсынылған құжаттарда қателердің немесе дәлсіздіктердің

      анықталуы, атап айтқанда:________________________________

      _______________________________________________________________

      2) олардың нысаны мен мазмұны бойынша қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі,

      атап айтқанда:________________________________________________

      3) көрсетілетін қызметті алушының "Казино қызметімен айналысуға лицензия

      беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымшаның 10-тармағында

      көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбауы, атап айтқанда:

      1.______________________________________________________________

      2.______________________________________________________________

      3.______________________________________________________________

      Осыған байланысты Сізге осы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс

      күні ішінде анықталған кемшіліктерді жою және құжаттарды қайта ұсыну қажет.

      Орындаушы:____________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Телефон: ______________________

  Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
2026 жылғы 14 қазандағы
№ 202 бұйрыққа
3-қосымша
"Ойын автоматтары залы
қызметімен айналысу үшін
лицензия беру" мемлекеттік
қызметті көрсету қағидаларына
1-қосымша

1

Мемлекеттік қызметтің атауы

"Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру"

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы (бар болса)

Лицензияны қайта ресімдеу.

3

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін ұсыну тәсілдері (бар болса)

"цифрлық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы

5

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі және оның кіші түрлері (бар болса)

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын порталға тапсырған сәттен бастап:
1) лицензия беру – 10 (он) жұмыс күні;
2) лицензияны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні.
Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға қолданыстағы лицензия болған кезде көрсетілетін қызметті алушы қолданыстағы лицензия мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 90 күн бұрын сол қызмет түріне жаңа лицензия алуға өтініш береді. Бұл ретте жаңа лицензияның қолданылу мерзімі басталған күн қолданыстағы лицензияның мерзімі аяқталған күннен кейінгі күн болып есептеледі.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны және оның кіші түрлері (бар болса)

Барлық кіші түрлері бойынша: Электрондық (ішінара цифрландырылған).

7

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі және оның кіші түрлері (бар болса)

Ойын автоматтары залы қызметімен айналысуға құқық беретін лицензия, қайта ресімделген лицензия, не осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбесінің 11-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

8

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде заңды тұлғаларға көрсетіледі.
Салық кодексінің 616 бабы 4 тармағына сәйкес сәйкес, ойын автоматтары залы қызметімен айналысу құқығына жыл сайынғы лицензиялық алым мөлшерлемелері:
лицензия беру кезінде лицензиялық алым 3845 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды.
Төлем қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЦҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

9

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі

Көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығын қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Лицензия алу үшін:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші.
Көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді тиісті цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады;
2) құжаттың электрондық нысанындағы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЦҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22004 болып тіркелген) сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы салаларында (эпидемиялық маңызы жоғары объектілер үшін – санитариялық - эпидемиологиялық қорытынды алу, эпидемиялық маңызы шамалы объектілер үшін – қызметтің басталғаны туралы хабарлама) және "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) сәйкес өрт қауіпсіздігі саласында рұқсат беру құжаттарының көшірмелерін ұсына отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін казино қызметі жүзеге асырылатын үш жұлдыздан төмен емес санаттағы қонақ үй кешенінде меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі ғимараттың (ғимараттың, құрылыстың, ғимараттың бір бөлігінің) болуы туралы мәліметтер (www.elicense.kz цифрлық жүйесінде деректер болмаған жағдайда келесідей растайтын құжат ұсыну: үш жұлдыздан төмен емес санаттағы қонақ үй кешенін аккредиттеу туралы куәлік немесе сертификат);
4) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша меншік құқығындағы ойын жабдығы туралы мәліметтер нысаны (растайтын құжаттарды ұсына отырып: тауарға арналған декларация, тауарлық-материалдық құндылықтар бойынша жүкқұжаты, шот-фактуралар, сатып алу-сату шарты);
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағына сәйкес күзет қызметін жүзеге асыруға лицензия алған заңды тұлғалармен осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (растайтын құжаттарды ұсына отырып) шарттардың болуы туралы мәліметтер;
6) құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы қолданылатын легитимациялық белгілердің қазақ және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинацияларын болуы;
7) құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 2-1-тармағына сәйкес ойын бизнесі саласында бекітілетін ойын мекемесі жұмысының, мөлшерлемелерді қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындардың және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдеріндегі үлгілік қағидаларына сәйкес ойын мекемесі жұмысының ережелері;
8) құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 60000 АЕК мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт; лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші;
2) құжаттың электрондық нысанындағы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЦҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);
3) алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмелері. Көрсетілетін қызметті алушының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжат, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының бюджетіне алым сомасын төлегенін растайтын құжат (ЦҮТШ арқылы төленген жағдайда), лицензия туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзы арқылы алады.
Өтінішті портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жолданады.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері

1) ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысуға көрсетілетін қызметті алушының осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынуы;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабында белгіленген біліктілік талаптарға сәйкес келмеуі;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
5) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қатысты ойын бизнесі саласындағы қызметті тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) бар;
7) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған.

12

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің 8 (7172) 741359 телефоны арқылы, не Бірыңғай байланыс-орталығының: 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы алуға болады.

  Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
2026 жылғы 14 қазандағы
№ 202 бұйрыққа
4-қосымша
"Ойын автоматтары залы
қызметімен айналысу үшін
лицензия беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
7-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-2-бабы 1-тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті мемлекеттік қызмет көрсету процесін (қажеттісін көрсету) мынадай себептерге байланысты тоқтата тұрады:

      1) өтініште және (немесе) ұсынылған құжаттарда қателердің немесе дәлсіздіктердің анықталуы, атап айтқанда:________________________________

      _______________________________________________________________

      2) олардың нысаны мен мазмұны бойынша қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі,

      атап айтқанда:________________________________________________

      _______________________________________________________________

      3) көрсетілетін қызметті алушының "Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымшаның 10-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбауы, атап айтқанда:

      1.______________________________________________________________

      2.______________________________________________________________

      3.______________________________________________________________

      Осыған байланысты Сізге осы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде анықталған кемшіліктерді жою және құжаттарды қайта ұсыну қажет.

      Орындаушы:____________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Телефон: ______________________

  Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
2026 жылғы 14 қазандағы
№ 202 бұйрыққа
5-қосымша
"Букмекер кеңсесі
қызметімен айналысу үшін
лицензия беру" мемлекеттік
қызметті көрсету қағидаларына
1-қосымша

1

Мемлекеттік қызметтің атауы

"Букмекер кеңсесі қызметімен айналысу
үшін лицензия беру"

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы (бар болса)

Лицензияны қайта ресімдеу.

3

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін ұсыну тәсілдері (бар болса)

"цифрлық үкіметтің"
www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы

5

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі және оның кіші түрлері (бар болса)

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын порталға тапсырған сәттен бастап:
1) лицензия беру – 10 (он) жұмыс күні;
2) лицензияны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні.
Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға қолданыстағы лицензия болған кезде көрсетілетін қызметті алушы қолданыстағы лицензия мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 90 күн бұрын сол қызмет түріне жаңа лицензия алуға өтініш береді. Бұл ретте жаңа лицензияның қолданылу мерзімі басталған күн қолданыстағы лицензияның мерзімі аяқталған күннен кейінгі күн болып есептеледі.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны және оның кіші түрлері (бар болса)

Барлық кіші түрлері бойынша: Электрондық (ішінара цифрландырылған).

7

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі және оның кіші түрлері (бар болса)

Букмекер кеңсесі қызметімен айналысуға құқық беретін лицензия, қайта ресімделген лицензия, не осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбесінің 11-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және оның кіші түрлері (бар болса) және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде заңды тұлғаларға көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Салық кодексі Кодексінің 616-бабы 4-тармағына сәйкес, букмекер кеңсесі қызметімен айналысу құқығына жыл сайынғы лицензиялық алым мөлшерлемелері:
лицензия беру кезінде лицензиялық алым 640 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды; лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды. Төлем қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЦҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

9

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі

Көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығын қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Лицензия алу үшін:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші.
Көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді тиісті цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады;
2) құжаттың электрондық нысанындағы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЦҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22004 болып тіркелген) сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы салаларында (эпидемиялық маңызы жоғары объектілер үшін – санитариялық - эпидемиологиялық қорытынды алу, эпидемиялық маңызы шамалы объектілер үшін – қызметтің басталғаны туралы хабарлама) және "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) сәйкес өрт қауіпсіздігі саласында рұқсат беру құжаттарының көшірмелерін ұсына отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде ғимараттың (ғимараттың, құрылыстың, ғимараттың бір бөлігінің) болуы туралы мәліметтер;
4) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша меншік құқығындағы бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған жабдығы туралы мәліметтер нысаны (растайтын құжаттарды ұсына отырып: тауарға арналған декларация, тауарлық-материалдық құндылықтар бойынша жүкқұжаты, шот-фактуралар, сатып алу-сату шарты);
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағына сәйкес күзет қызметін жүзеге асыруға лицензия алған заңды тұлғалармен осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (растайтын құжаттарды ұсына отырып) шарттардың болуы туралы мәліметтер;
6) құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 2-1-тармағына сәйкес ойын бизнесі саласындағы бекітілетін букмекерлік кеңсенің жұмысының мөлшерлемелер мен өткізілетін құмар ойындарды қабылдаудың және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдеріндегі үлгілік қадиғаларына сәйкес ойын мекемесі жұмысының, мөлшерлемелерді қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қағидалары;
7) құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 40000 АЕК мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт; лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші;
2) құжаттың электрондық нысанындағы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЦҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);
3) алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті алушының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжат, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының бюджетіне алым сомасын төлегенін растайтын құжат (ЦҮТШ арқылы төленген жағдайда), лицензия туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзы арқылы алады.
Өтінішті портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жолданады.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері

1) ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысуға көрсетілетін қызметті алушының осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынуы;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабында белгіленген біліктілік талаптарға сәйкес келмеуі;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
5) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қатысты ойын бизнесі саласындағы қызметті тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) бар;
7) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған.

12

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің 8 (7172) 741359 телефоны арқылы, не Бірыңғай байланыс-орталығының: 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы алуға болады.

  Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
2026 жылғы 14 қазандағы
№ 202 бұйрыққа
6-қосымша
"Букмекер кеңсесі қызметімен
айналысу үшін лицензия беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
7-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-2-бабы 1-тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті мемлекеттік қызмет көрсету процесін (қажеттісін көрсету) мынадай себептерге байланысты тоқтата тұрады:

      1) өтініште және (немесе) ұсынылған құжаттарда қателердің немесе дәлсіздіктердің анықталуы, атап айтқанда:________________________________

      _______________________________________________________________

      2) олардың нысаны мен мазмұны бойынша қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі, атап айтқанда:________________________________________________

      _______________________________________________________________

      3) көрсетілетін қызметті алушының "Букмекер кеңсесі қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымшаның 10-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбауы, атап айтқанда:

      1.______________________________________________________________

      2.______________________________________________________________

      3.______________________________________________________________

      Осыған байланысты Сізге осы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні

      ішінде анықталған кемшіліктерді жою және құжаттарды қайта ұсыну қажет.

      Орындаушы:____________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Телефон: ______________________

  Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
2026 жылғы 14 қазандағы
№ 202 бұйрыққа
7-қосымша
"Тотализатор қызметімен
айналысу үшін лицензия беру"
мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына 1-қосымша

1

Мемлекеттік қызметтің атауы

"Тотализатор қызметімен айналысу үшін лицензия беру"

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы (бар болса)

Лицензияны қайта ресімдеу.

3

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті.

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін ұсыну тәсілдері (бар болса)

"цифрлық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы

5

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі және оның кіші түрлері (бар болса)

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын порталға тапсырған сәттен бастап:
1) лицензия беру – 10 (он) жұмыс күні;
2) лицензияны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні.
Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға қолданыстағы лицензия болған кезде көрсетілетін қызметті алушы қолданыстағы лицензия мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 90 күн бұрын сол қызмет түріне жаңа лицензия алуға өтініш береді. Бұл ретте жаңа лицензияның қолданылу мерзімі басталған күн қолданыстағы лицензияның мерзімі аяқталған күннен кейінгі күн болып есептеледі.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны және оның кіші түрлері (бар болса)

Барлық кіші түрлері бойынша: Электрондық (ішінара цифрландырылған).

7

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі және оның кіші түрлері (бар болса)

Тотализатор қызметімен айналысуға құқық беретін лицензия, қайта ресімделген лицензия, не осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбесінің 11-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және оның кіші түрлері (бар болса) және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде заңды тұлғаларға көрсетіледі. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 616-бабы 4-тармағына сәйкес, тотализатор қызметімен айналысу құқығына жыл сайынғы лицензиялық алым мөлшерлемелері: лицензия беру кезінде лицензиялық алым 640 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды; лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды. Төлем қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЦҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

9

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі

Көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығын қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Лицензия алу үшін:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған цифрлық сұрау салу нысанындағы лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші.
Көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді тиісті цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады;
2) құжаттың электрондық нысанындағы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЦҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22004 болып тіркелген) сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы салаларында (эпидемиялық маңызы жоғары объектілер үшін – санитариялық - эпидемиологиялық қорытынды алу, эпидемиялық маңызы шамалы объектілер үшін – қызметтің басталғаны туралы хабарлама) және "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) сәйкес өрт қауіпсіздігі саласында рұқсат беру құжаттарының көшірмелерін ұсына отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде ғимараттың (ғимараттың, құрылыстың, ғимараттың бір бөлігінің) болуы туралы мәліметтер;
4) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша меншік құқығындағы бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған жабдығы туралы мәліметтер нысаны (растайтын құжаттарды ұсына отырып: тауарға арналған декларация, тауарлық-материалдық құндылықтар бойынша жүкқұжаты, шот-фактуралар, сатып алу-сату шарты);
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағына сәйкес күзет қызметін жүзеге асыруға лицензия алған заңды тұлғалармен осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (растайтын құжаттарды ұсына отырып) шарттардың болуы туралы мәліметтер;
6) құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 2-1-тармағына сәйкес ойын бизнесі саласындағы уәкілетті органмен бекітілетін тотализатордың жұмысының мөлшерлемелер мен өткізілетін құмар ойындарды қабылдаудың және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдеріндегі үлгілік қадиғаларына сәйкес ойын мекемесі жұмысының, ставкаларды қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қағидалары;
7) құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 10000 АЕК мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт; лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші;
2) құжаттың электрондық нысанындағы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЦҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);
3) алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті алушының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжат, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының бюджетіне алым сомасын төлегенін растайтын құжат (ЦҮТШ арқылы төленген жағдайда), лицензия туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзы арқылы алады. Өтінішті портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жолданады.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері

1) ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысуға көрсетілетін қызметті алушының осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынуы;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабында белгіленген біліктілік талаптарға сәйкес келмеуі;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
5) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қатысты ойын бизнесі саласындағы қызметті тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) бар;
7) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған.

12

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің 8 (7172) 741359 телефоны арқылы, не Бірыңғай байланыс-орталығының: 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы алуға болады.

  Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
2026 жылғы 14 қазандағы
№ 202 бұйрыққа
8-қосымша
"Тотализатор қызметімен
айналысу үшін лицензия
беру" мемлекеттік
қызмет көрсету
қағидаларына
7-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-2-бабы 1-тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті мемлекеттік қызмет көрсету процесін (қажеттісін көрсету) мынадай себептерге байланысты тоқтата тұрады:

      1) өтініште және (немесе) ұсынылған құжаттарда қателердің немесе дәлсіздіктердің

      анықталуы, атап айтқанда:________________________________

      _______________________________________________________________

      2) олардың нысаны мен мазмұны бойынша қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі, атап

      айтқанда:________________________________________________

      _______________________________________________________________

      3) көрсетілетін қызметті алушының "Тотализатор қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымшаның 10-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбауы, атап айтқанда:

      1.______________________________________________________________

      2.______________________________________________________________

      3.______________________________________________________________

      Осыған байланысты Сізге осы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде анықталған кемшіліктерді жою және құжаттарды қайта ұсыну қажет.

      Орындаушы:____________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Телефон: ______________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады