"Банк ұйымдарының мемлекеттік кірістер органына жеке және заңды тұлғалардың банктік шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осындай шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы, активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтерді ұсыну нысандарын, сондай-ақ Тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдерін, сондай-ақ Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар жеке тұлғаның банктік шотына түскен ақшаның жиынтық сомасы бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары мен тізбесін және осындай операцияларға жатқызу өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 698 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 23 қазандағы № 718 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 28 қазанда № 40244 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Банк ұйымдарының мемлекеттік кірістер органына жеке және заңды тұлғалардың банктік шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осындай шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы, активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтерді ұсыну нысандарын, сондай-ақ Тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдерін, сондай-ақ Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар жеке тұлғаның банктік шотына түскен ақшаның жиынтық сомасы бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары мен тізбесін және осындай операцияларға жатқызу өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 698 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілiмінде № 37396 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органына тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеушілерде банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдерінде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мәліметтер мемлекеттік кірістер органдарына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің "Smart Data Finance" цифрлық жүйесінде (бұдан әрі – "SDF" ЦЖ) техникалық ақаулар (қателер) болған жағдайларды қоспағанда, "SDF" ЦЖ арқылы ұсынылады.

      "SDF" ЦЖ-да техникалық ақаулар (қателер) болған жағдайда, Мәліметтер мемлекеттік кірістер органдарына ілеспе хатпен CD дискіде ұсынылады.

      Техникалық ақаулар (қателер) болған жағдайда Мәліметтерді ұсыну мерзімі 5 (бес) жүмыс күніне ұзартылады.

      "SDF" ЦЖ-да техникалық іркілістердің (қателердің) болуы туралы ақпарат техникалық іркілістер (қателер) туындаған күні техникалық іркілістердің (қателердің) болуы туралы Комитеттің сайтында баспасөз релизін жариялау жолымен расталады.";

      көрсетілген бұйрыққа 5-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 6-қосымшада орыс тіліндегі мәтінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларды жүргізу анықталған банктік шотына өзге жеке тұлғалардан түскен ақшаның жиынтық сомасы жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидалары және тізбесінде:

      4-тармақ манадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мәліметтер мемлекеттік кірістер органдарына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің "Smart Data Finance" цифрлық жүйесінде (бұдан әрі – "SDF" ЦЖ) техникалық ақаулар (қателер) болған жағдайларды қоспағанда, "SDF" ЦЖ арқылы ұсынылады.

      "SDF" ЦЖ-да техникалық ақаулар (қателер) болған жағдайда, Мәліметтер мемлекеттік кірістер органдарына ілеспе хатпен CD дискіде ұсынылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларда көзделген іс-шаралардың орындалуы жөніндегі мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын реттеу және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банк

  Қазақстан Республикасының
  Қаржы министрі
  2026 жылғы 23 қазандағы
  № 718
  бұйрығына 1-қосымша
  Қазақстан Реcпубликасы
  Қаржы министрінің
  2025 жылғы 12 қарашадағы
  № 698 бұйрығына
  1-қосымша
  Әкімшілік деректерді
  жинауға арналған нысан

Банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы туралы мәліметтер

      20____ жылғы "___" ____бастап 20____ жылғы "___" _____ дейінгі кезең үшін

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің мемлекеттік кірістер органдарына.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан kgd.gov.kz. интернет-ресурста орналастырылған.

      Әкімшілік нысанның атауы: Банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы туралы мәліметтер.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық белгіленуі): БШБЖНАҚ – 1.

      Кезеңділігі: жыл сайын.

      Есепті кезең: Қазақстан Республикасының Салық кодексінде және осы бұйрықта белгіленген есепті кезең үшін;

      _____ жыл үшін.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды тапсыру мерзімі: мемлекеттік кірістер органының сұрау салуын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде.

      БСН

     


      (банк ұйымдары БСН көрсетіледі)

      Жинау әдісі: электрондық түрде және (немесе) қағаз жеткізгіште.

№

Салық төлеуші

Банк шоттары ашылған банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, оның құрылымдық бөлімшелерінің деректемелері

Банк шотының валютасы

Банк шотының нөмірі

Кезеңнің басындағы банк шотындағы ақша қалдығы

Кезеңнің соңындағы банк шотындағы ақша қалдығы

ЖСН/БСН

Т.А.Ә./ атауы

БСН

БСК

Атауы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10


Атауы ______________________
____________________________

Мекенжайы_______________________
_________________________________





      Телефоны _________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ______________________________________

      Орындаушы _______________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта

      көрсетілсе), қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта

      көрсетілсе) қолы

      Мөр орны ________________________________________________________

      Аббревиатураларды ашып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      БСК – банктік сәйкестендіру коды;

      Т.А.Ә. – тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе).

      "Банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  "Банктік шоттардың бар-жоғы
  және олардың нөмірлері туралы,
  осы шоттардағы ақша қалдығы
  туралы мәліметтер" нысанына
  қосымша

"Банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы
шоттардағы ақша қалдығы туралы мәліметтер" нысанын толтыру
бойынша түсіндірме (БШБЖНАҚ – 1, ай сайын, жыл сайын)
(бұдан әрі – нысан)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Нысан банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы туралы мәліметтерді жинауға арналған және Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 55-бабының 2-тармағы 17) тармақшасының он алтыншы абзацына және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 69-бабы 14-тармағына сәйкес әзірленді.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      2. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

      3. Нысанның "ЖСН/БСН" деген 2-бағанында салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН/БСН) көрсетіледі.

      4. Нысанның 3-бағанында салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)/атауы көрсетіледі.

      5. Нысанның 4-бағанында банк шоттары ашылған банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, олардың құрылымдық бөлімшелерінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      6. Нысанның 5-бағанында банк шоттары ашылған банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, олардың құрылымдық бөлімшелерінің банктік сәйкестендіру коды (бұдан әрі – БСК) көрсетіледі.

      7. Нысанның 6-бағанында банк шоттары ашылған банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, олардың құрылымдық бөлімшелерінің атауы көрсетіледі.

      8. Нысанның 7-бағанында "Валюталар мен ақшалай қаражаттарды ұсыну кодтары" ҚР ҰЖ 07 ISO 4217 Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес банк шоты валютасының түрі көрсетіледі.

      9. Нысанның 8-бағанында салық төлеушінің банк шотының нөмірі көрсетіледі.

      10. Нысанның 9-бағанында кезеңнің басында банк шотындағы ақша қалдығы көрсетіледі.

      11. Нысанның 10-бағанында кезеңнің соңында банк шотындағы ақша қалдығы көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасының
  Қаржы министрі
  2026 жылғы 23 қазандағы
  № 718
  бұйрығына 2-қосымша
  Қазақстан Реcпубликасы
  Қаржы министрінің
  2025 жылғы 12 қарашадағы
  № 698 бұйрығына
  2-қосымша
  Әкімшілік деректерді
  жинауға арналған нысан

Банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, банктік шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтер

      20____ жылғы "___" ____бастап 20____ жылғы "___" _____ дейінгі кезең үшін

      Ұсынылады: мемлекеттік кірістер органдарына.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан kgd.gov.kz. интернет-ресурста орналастырылған.

      Әкімшілік нысанның атауы: Банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, банктік шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтер.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық белгіленуі): БШБАҚ – 2.

      Кезеңділігі: ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын.

      Есепті кезең: Қазақстан Республикасының Салық кодексінде және осы бұйрықта белгіленген есепті кезең үшін;

      ____жылғы _____ай;

      ____жылғы _____тоқсан;

      _____ жылғы.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: банк ұйымдары.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды тапсыру мерзімі: мемлекеттік кірістер органының сұрау салуын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде.

      БСН

     


      (банк ұйымдарының БСН көрсетіледі)

      Жинау әдісі: электрондық түрде және (немесе) қағаз жеткізгіште.

№

Салық төлеуші

Банктік шоттар ашылған банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, оның құрылымдық бөлімшелерінің деректемелері

Банктік шоттың валютасы

Банктік шоттың нөмірі

Кезеңнің басында банктік шоттағы ақша қалдығы

 
Кезеңнің соңында банктік шоттағы ақша қалдығы

 
Банктік шотқа түскен түсімдердің жалпы сомасы

Банктік шоттан шығыстар бойынша айналымның жалпы сомасы

ЖСН/БСН

Т.А.Ә./ атауы

БСН

БСК

Атауы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12


      кестенің жалғасы

Салық төлеушінің банк шоттарындағы ақшаның қозғалысы

банк шотына ақшаның түсуі

күні

төлем сомасы

ақшаны жөнелтушi

Ақшаны жіберетің банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, оның құрылымдық бөлімшелерінің деректемелері

төлемнің мақсаты

ЖСН/ БСН/ төлемді сәйкестендіргіш код

Атауы / төлем картасының жеке сәйкестендіргіші

БСН

БСК

Атауы

13

14

15

16

17

18

19

20


      кестенің жалғасы

Салық төлеушінің банк шоттарындағы ақша қозғалысы

банк шотынан ақша аудару

күні

төлем сомасы

бенефициар

бенефициар банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының деректемелері

төлемнің мақсаты

ЖСН/БСН, төлемді сәйкестендіргіш код

Т.А.Ә./атауы/ төлем картасының жеке сәйкестендіргіші /төлем жүйесінің сәйкестендіргіші

БСН

БСК

атауы

21

22

23

24

25

26

27

28


Атауы ______________________
___________________________________

Мекенжайы_____________________
____________________________


      Телефоны __________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы __________________________________

      Орындаушы ___________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта

      көрсетілсе), қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта

      көрсетілсе) қолы

      Мөр орны ___________________________________________

      Аббревиатураларды ашып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      БСК – банктік сәйкестендіру коды;

      Т.А.Ә. – тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе).

      "Банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, банктік шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  "Банктік шоттардың бар-жоғы
  және олардың нөмірлері туралы,
  банктік шоттардағы ақша
  қалдықтары мен қозғалысы
  туралы мәліметтер"
  нысанына қосымша

"Банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, банктік шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме (БШБАҚ – 2, ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын) (бұдан әрі – нысан)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Нысан Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 55-бабының 2-тармағы 17) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші абзацтарына, 21) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 69-бабы 5-тармағының 10) тармақшасына, 12-тармағы 5) тармақшасының сегізінші абзацына, 13-тармағына, 14-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және:

      1) салық салуға байланысты мәселелер бойынша тексерілетін заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің;

      2) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 417-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғаның;

      3) салық салуға байланысты мәселелер бойынша тексерілетін жеке тұлғаның, оның ішінде дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның;

      4) тарату (қызметін тоқтату) сатысындағы дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның, заңды тұлғаның;

      5) талап қоюдың ескіру мерзімінен аспайтын уақыт кезеңі үшін қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтатқан дара кәсіпкердің;

      6) әрекет етпейтін салық төлеушілер тізіліміне енгізілген дара кәсіпкердің және заңды тұлғаның;

      7) Қазақстан Республикасының заңында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Құрылтайының және мәслихатының депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелген адамның және оның жұбайының (зайыбының);

      8) мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оған теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидат болып табылатын адамның және оның жұбайының (зайыбының);

      9) өз өкілеттіктерін орындау кезеңінде мемлекеттік қызметті атқаратын адамның және осы кезеңдегі оның жұбайының (зайыбының);

      10) жазаны өтеуден шартты түрде-мерзімінен бұрын босатылған адамның;

      11) қызметі құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыру және өткізу болып табылатын заңды тұлғаның;

      12) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 417-бабы 1-тармағының 8), 9) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну міндеті туындаған адамдардың;

      13) тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеушілердің;

      14) оларға қатысты электрондық шот-фактураларды жазып беруіне салыстырмалы бақылау жүргізілетін тұлғаның банктік шоттарындағы ақша қозғалысы туралы мәліметтерді жинауға арналған.

      2. Нысанды банк ұйымдары тексерілетін тұлғаға және Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 417-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғаға қатысты салықтық тексеру жағдайында мемлекеттік кірістер органының сұрау салуы негізінде толтырады. Қалған жағдайларда банк ұйымдары ақша қозғалысы туралы мәліметтерді жалпы сомада (айналымдарда) ұсынады.

      Банк ұйымдары ақша қозғалысы туралы мәліметті жалпы сомада (айналымда) ұсынған жағдайда 2-қосымшаның 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27 және 28-бағандарын толтыру талап етілмейді.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      3. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

      4. Нысанның "ЖСН/БСН" деген 2-бағанында салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН/БСН) көрсетіледі.

      5. Нысанның 3-бағанында салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)/атауы көрсетіледі.

      6. Нысанның 4-бағанында банктік шоттар ашылған банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, олардың құрылымдық бөлімшелерінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      7. Нысанның 5-бағанында банктік шоттар ашылған банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, олардың құрылымдық бөлімшелерінің банктік сәйкестендіру коды (бұдан әрі – БСК) көрсетіледі.

      8. Нысанның 6-бағанында банктік шоттар ашылған банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, олардың құрылымдық бөлімшелерінің атауы көрсетіледі.

      9. Нысанның 7-бағанында "Валюталар мен ақшалай қаражаттарды ұсыну кодтары" ҚР ҰЖ 07 ISO 4217 Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес банктік шот валютасының түрі көрсетіледі.

      10. Нысанның 8-бағанында салық төлеушінің банктік шотының нөмірі көрсетіледі.

      11. Нысанның 9-бағанында кезеңнің басында банктік шоттағы ақша қалдығы көрсетіледі.

      12. Нысанның 10-бағанында кезеңнің соңында банктік шоттағы ақша қалдығы көрсетіледі.

      13. Нысанның 11-бағанында кезең ішінде банктік шотқа түскен түсімдер бойынша айналымның жалпы сомасы көрсетіледі.

      14. Нысанның 12-бағанында кезең ішінде банктік шоттан шығыстар бойынша айналымның жалпы сомасы көрсетіледі.

      Банк ұйымдары ақша қозғалысы туралы мәліметті жалпы сомада (айналымда) ұсынған кезде 2-қосымшаның 13-28-бағандарын толтыру талап етілмейді.

      15. Нысанның 13-бағанында банктік шотқа ақша түскен күн көрсетіледі.

      16. Нысанның 14-бағанында банктік шотқа түскен төлем сомасы не жалпы сома (есепті кезеңдегі айналым) көрсетіледі.

      17. Нысанның 15-бағанында ақша жөнелтушінің ЖСН/БСН көрсетіледі. Картаны пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асырған жағдайда тек авторландыру коды немесе төлем карточкалары жүйесіндегі төлемді сәйкестендіретін басқа код көрсетіледі.

      18. Нысанның 16-бағанында ақша жөнелтушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)/атауы көрсетіледі. Картаны пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асырған жағдайда төлем карточкалары жүйесінің талаптарына сәйкес төлем карточкасының толық емес нөмірі көрсетіледі.

      19. Нысанның 17-бағанында ақша жөнелтуші банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының БСН көрсетіледі.

      20. Нысанның 18-бағанында ақша жөнелтуші банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының БСК көрсетіледі.

      21. Нысанның 19-бағанында ақша жөнелтуші банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының атауы көрсетіледі.

      22. Нысанның 20-бағанында банктік шотқа түскен төлемнің мақсаты көрсетіледі.

      23. Нысанның 21-бағанында ақша жөнелтуші-салық төлеушінің банктік шотынан ақша аударылған күн көрсетіледі.

      24. Нысанның 22-бағанында ақша жөнелтуші-салық төлеушінің банктік шотынан аударылған төлем сомасы не жалпы сома (есепті кезеңдегі айналым) көрсетіледі.

      25. Нысанның 23-бағанында бенефициардың ЖСН/БСН көрсетіледі. Картаны пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асырған жағдайда тек авторландыру коды немесе төлем карточкалары жүйесіндегі төлемді сәйкестендіретін басқа код көрсетіледі.

      26. Нысанның 24-бағанында бенефициардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)/атауы көрсетіледі. Картаны пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асырған жағдайда төлем карточкалары жүйесінің талаптарына сәйкес төлем карточкасының толық емес нөмірі көрсетіледі.

      27. Нысанның 25-бағанында банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, бенефициардың БСН көрсетіледі.

      28. Нысанның 26-бағанында банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, бенефициардың БСК көрсетіледі.

      29. Нысанның 27-бағанында банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, бенефициардың атауы көрсетіледі.

      30. Нысанның 28-бағанында ақша жөнелтушінің банктік шотынан аударылған төлемнің мақсаты көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасының
  Қаржы министрі
  2026 жылғы 23 қазандағы
  № 718
  бұйрығына 3-қосымша
  Қазақстан Реcпубликасының
  Қаржы министрі
  2025 жылғы 12 қарашадағы
  № 698 бұйрыққа
  3-қосымша
  Әкімшілік деректерді
  жинауға арналған нысан

Сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтер

      20____ жылғы "___" ________ бастап 20____ жылғы "___" ________ дейінгі кезең үшін

      Ұсынылады: мемлекеттік кірістер органдарына.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан kgd.gov.kz. интернет–ресурста орналастырылған.

      Әкімшілік нысанның атауы: Сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтер.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): ЖТБКМ – 2.

      Кезеңділігі: ай сайын, жыл сайын.

      Есепті кезең: Қазақстан Республикасының Салық кодексінде және осы бұйрықта белгіленген есепті кезең үшін;

      _____ жылғы____ай;

      _____ жылғы.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: банк ұйымдары.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды тапсыру мерзімі: мемлекеттік кірістер органының сұрау салуын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде.

      БИН

     


      (банк ұйымдары толтырады)

      Жинау әдісі: электрондық түрде және (немесе) қағаз жеткізгіште.

№

Жеке тұлға бойынша мәліметтер

Кредит берілген банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, олардың құрылымдық бөлімшелерінің деректемелері

Кредитті беру күні

ЖСН

тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)

БСН

БИК

атауы

1

2

3

4

5

6

7


      кестенің жалғасы

Кредит беру туралы шарттың нөмірі мен күні

Банк шотының нөмірі

Банк шотының валютасы

Берілген кредит сомасы

Шарт бойынша белгіленген лимит сомасы

Кезеңнің басындағы кредит сомасының қалдығы

8

9

10

11

12

13


      кестенің жалғасы

Төленген негізгі борыштың сомасы

Төленген сыйақы сомасы

Төленген өсімпұл сомасы

Кредит сомасының қалдығы

Кредит түрі

негізгі қарыз

сыйақы

өсімақы

14

15

16

17

18

19

20


Атауы ______________________
____________________________

Мекенжайы_______________________
_________________________________


      Телефоны ______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________

      Орындаушы ____________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта

      көрсетілсе), қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқаратын адам

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта

      көрсетілсе) қолы

      Мөр орны ___________________________________________

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      БСК – банктік сәйкестендіру коды.

      "Сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  "Сыйақыны қоса алғанда, өтеу
  сомаларын көрсете отырып,
  активтер мен міндеттемелер
  туралы, кірістер мен мүлік
  туралы декларацияларды ұсыну
  міндеті туындаған жеке тұлғаға
  берілген кредиттер туралы
  мәліметтер" нысанына қосымша

"Сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме (ЖТБКМ – 2, ай сайын, жыл сайын) (бұдан әрі – нысан)

      1. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

      2. Нысанның 2-бағанында жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      3. Нысанның 3-бағанында жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсетіледі.

      4. Нысанның 4-бағанында кредит берілген банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, олардың құрылымдық бөлімшелерінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      5. Нысанның 5-бағанында кредит берілген банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, олардың құрылымдық бөлімшелерінің банктік сәйкестендіру коды көрсетіледі.

      6. Нысанның 6-бағанында кредит берілген банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, олардың құрылымдық бөлімшелерінің атауы көрсетіледі.

      7. Нысанның 7-бағанында кредитті беру күні көрсетіледі.

      8. Нысанның 8-бағанында кредит беру туралы шарттың нөмірі мен күні көрсетіледі. Мәліметтер шарттар бөлінісінде жеке ұсынылады.

      9. Нысанның 9-бағанында жеке тұлғаның банк шотының нөмірі көрсетіледі.

      10. Нысанның 10-бағанында "Валюталар мен ақшалай қаражаттарды ұсыну кодтары" ҚР НҚ 07 ISO 4217 ұлттық жіктеуішіне сәйкес жеке тұлғаның банк шоты валютасының түрі көрсетіледі.

      11. Нысанның 11-бағанында жеке тұлғаға берілген кредит сомасы көрсетіледі.

      12. Нысанның 12-бағанында шарт бойынша белгіленген лимит сомасы көрсетіледі.

      13. Нысанның 13-бағанында кезең басындағы кредит сомасының қалдығы көрсетіледі.

      14. Нысанның 14-бағанында сұрау салынатын кезеңнің соңында төленген негізгі борыш сомасы көрсетіледі.

      15. Нысанның 15-бағанында сұратылған кезеңнің соңында төленген сыйақы сомасы көрсетіледі.

      16. Нысанның 16-бағанында сұрау салынатын кезеңнің соңына төленген өсімпұл сомасы көрсетіледі.

      17. Нысанның 17-бағанында кредиттің негізгі борышы сомасының қалдығы көрсетіледі.

      18. Нысанның 18-бағанында кредиттің сыйақы сомасының қалдығы көрсетіледі.

      19. Нысанның 19-бағанында кредиттің өсімпұл сомасының қалдығы көрсетіледі.

      20. Нысанның 20-бағанында кредиттің түрі көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасының
  Қаржы министрі
  2026 жылғы 23 қазандағы
  № 718
  бұйрығына 4-қосымша
  Қазақстан Реcпубликасы
  Қаржы министрінің
  2025 жылғы 12 қарашадағы
  № 698 бұйрығына
  5-қосымша

Жеке тұлғаның банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттары

      1. Осы Жеке тұлғаның банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 55-бабы 2-тармағының 24) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      2. Өлшемшарттарға 1 (бір) жеке тұлғаның қатарынан күнтізбелік әрбір 3 (үш) ай ішінде 100 (жүз) және одан да көп әр түрлі тұлғалардан жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған банктік шотына (шоттарына) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған жиынтық кезеңдегі жиынтық сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 360 еселенген мөлшерінен асатын ақша алуы жатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады