"Астана қаласының әкімі, әкімнің бірінші орынбасары, әкімнің орынбасарлары, "Астана қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау регламентін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 1-1114 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 27 тамыздағы № 01-3018 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 31 тамызда № 39741 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Астана қаласының әкімі, әкімнің бірінші орынбасары, әкімнің орынбасарлары, "Астана қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау регламентін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 1-1114 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1343-01 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Астана қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өтініштерді қарау бөлімінің басшысы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Астана қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі Ж. Қасымбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады