Ырғыз ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 3 қыркүйектегі № 234 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 7 қыркүйекте № 39829 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Ырғыз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ырғыз ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) "Ырғыз ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" Ырғыз ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 172 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5789 болып тіркелген);

      2) "Ырғыз ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 172 "Ырғыз ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Ырғыз ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 64 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6110 болып тіркелген).

      2. "Ырғыз ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны, оны ресми жариялағаннан кейін Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ырғыз ауданы әкімінің міндетін атқарушы А. Махаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады