"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Ырғыз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ырғыз ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Ырғыз ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" Ырғыз ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 172 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5789 болып тіркелген);
2) "Ырғыз ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 172 "Ырғыз ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Ырғыз ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 64 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6110 болып тіркелген).
2. "Ырғыз ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны, оны ресми жариялағаннан кейін Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ырғыз ауданы әкімінің міндетін атқарушы | А. Махаев |