"Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативтерін белгілеу туралы" Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі №273 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 17 тамыздағы № 233 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 18 тамызда № 39618 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативтерін белгілеу туралы" Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі №273 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3166 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Мойынқұм ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы қаулыдан туындайтын қажетті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс.

      Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімі Е. Карентаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады