"Жетісу облысының (қаласының, ауданның) Құрметті азаматы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" Жетісу облыстық мәслихатының 2022 жылғы 17 қазандағы № 10-26 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жетісу облыстық мәслихатының 2026 жылғы 18 қыркүйектегі № 41-260 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылы 21 қыркүйекте № 39924 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жетісу облысының (қаласының, ауданның) Құрметті азаматы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" Жетісу облыстық мәслихатының 2022 жылғы 17 қазандағы № 10-26 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30222 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Жетісу облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді Жетісу облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жетісу облыстық мәслихаты аппаратының басшысы А.Т. Жазықбаевқа жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Р.Салыкова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады