Сарқан аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жетісу облысы Сарқан аудандық мәслихатының 2026 жылғы 25 қыркүйектегі № 64-247 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылы 28 қыркүйекте № 39979 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27- бабына сәйкес Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Сарқан аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарқан аудандық мәслихатының төрағасы М.Разбеков

  Сарқан аудандық мәслихаты
2026 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 64-247 шешіміне
қосымша

Сарқан аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Сарқан ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Сарқан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 16-64 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 107-19 болып тіркелген).

      2. "Сарқан аудандық мәслихатының "Сарқан ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 16-64 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Сарқан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 7 маусымдағы № 28-106 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 223-19 болып тіркелген).

      3. "Сарқан аудандық мәслихатының "Cарқан ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 16-64 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Сарқан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 9 желтоқсандағы № 33-132 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 258-19 болып тіркелген).

      4. "Сарқан аудандық мәслихатының "Cарқан ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 16-64 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Сарқан аудандық мәслихатының 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 39-156 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 292-19 болып тіркелді).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады