"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылорда облыстық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 63 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4387 болып тіркелген);
2) "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 63 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 84 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8504-11 болып тіркелген).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы | М. Тлеумбетов |