Қостанай облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облыстық мәслихатының 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 325 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 29 қыркүйекте № 40019 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы" атағын беру Ережесін бекіту туралы" Қостанай облыстық мәслихатының 2009 жылғы 7 тамыздағы № 224 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3691 болып тіркелген);

      2) "Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы" атағын беру Ережесін бекіту туралы" Облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 7 тамыздағы № 224 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Қостанай облыстық маслихатының 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 91 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10113-10 болып тіркелген).

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы С. Ещанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады