"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аққайың ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында барлық кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар ұсыну туралы" 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 94 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5355 болып тiркелген);
2) "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында барлық кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар ұсыну туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 94 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2025 жылғы 15 сәуірдегі № 78 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7885-15 болып тіркелген).
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімі | Ж. Құсайын |