Атырау облысы әкімдігінің "Атырау облысының спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы" 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 299 және "Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 299 "Атырау облысының спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2024 жылғы 28 наурыздағы № 69 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2026 жылғы 3 шілдедегі № 125 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 7 шілдеде № 39246 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау облысы әкімдігінің "Атырау облысының спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы" 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 299 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4548 болып тіркелген) және "Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 299 "Атырау облысының спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2024 жылғы 28 наурыздағы № 69 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5168-06 болып тіркелген) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Атырау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атырау облысының әкімі С. Шапкенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады