Білім беру жүйесі мен білім беру процесін әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі білім беру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 291 бұйрығы.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 14.09.2026 № 251-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-2-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Білім беру жүйесі мен білім беру процесін әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі білім беру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтердің бағалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 14.09.2026 № 251-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы М. Мелдебекова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және дамыту

      агенттігі

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі міндетін
атқарушының
2025 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 291 бұйрығына қосымша

Білім беру жүйесі мен білім беру процесін әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі білім беру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтердің бағалары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 14.09.2026 № 251-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р/с
№

Көрсетілетін қызметтер түрі

Өлшем бірлігі

Қосымша құн салығынсыз баға, теңгемен

1

2

3

4

1.

Білім беру жүйесін әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру

1 баспа табақ

335 663,77

2.

Білім беру процесін жүргізуді ұйымдастыру

1 баспа табақ

285 697,07

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады