БҰЙЫРАМЫН:
1. "Білім беру жүйесі мен білім беру процесін әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік (мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу бағдарламалары) қамтамасыз ету жөніндегі білім беру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 291 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Білім беру жүйесі мен білім беру процесін әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі білім беру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Білім беру жүйесі мен білім беру процесін әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі білім беру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтердің бағалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру жүйесі мен білім беру процесін әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік (мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу бағдарламалары) қамтамасыз ету жөніндегі білім беру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтердің бағалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына, сондай-ақ әділет органдарын хабардар ете отырып жіберуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы |
Ш. Ақпарова |
Білім беру жүйесі мен білім беру процесін әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі білім беру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтердің бағалары
р/с | Көрсетілетін қызметтер түрі | Өлшем бірлігі | Қосымша құн салығынсыз баға, теңгемен |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Білім беру жүйесін әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру | 1 баспа табақ | 335 663,77 |
2. | Білім беру процесін жүргізуді ұйымдастыру | 1 баспа табақ | 285 697,07 |