Сәтбаев қалалық мәслихатының 2026 жылғы 25 мамырдағы № 280 "Сәтбаев қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2026 жылғы 20 тамыздағы № 301 шешімі

      Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сәтбаев қалалық мәслихатының мәслихатының 2026 жылғы 25 мамырдағы № 280 "Сәтбаев қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Сәтбаев қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

      6-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "2) әлеуметтік көмек адамдарға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 21 қазандағы № 112 бұйрығымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар аурулар тізбесіне сәйкес, әлеуметтік мәні бар ауру болған кезде табыс деңгейінің қарамастан күнтізбелік жылда бір рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сәтбаев қалалық мәслихатының төрағасы Қ. Балмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады