Қарқаралы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарқаралы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 16 мамырдағы VIII-22/166 "Қарқаралы ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6598-09 болып тіркелген) шешімінің қосымшасына келесі өзгерістер енгізілсін:
қосымшаның 9-тармағының 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-108/2020 "Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесін бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген әлеуметтік мәні бар аурулар тізбесіне енгізілген әлеуметтік мәні бар сырқатының болған кезде әлеуметтік көмек, осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген адамдар санатын қоспағанда, Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылына арналған заңнамасына сәйкес белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің (1) бір еселенген мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар адамға - жылына (1) бір рет, 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.";
9-тармағының 9) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"9) әлеуметтік көмек ақшалай төлем түрінде Қарқаралы ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленіп және оқып жатқан балалары бар "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған көпбалалы аналарға, сондай-ақ көпбалалы отбасыларға мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтер негізінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Төлем күнтізбелік жылда бір рет (ағымдағы жылдың қазан айындағы жағдай бойынша) әрбір балаға 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүзеге асырылады.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудандық мәслихаттың төрағасы | С.Оспанов |
