Әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2026 жылғы 12 тамыздағы № 564 шешімі

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына және "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №9946 болып тіркелген) сәйкес Жаңақорған ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жаңақорған ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген немесе оқудан оралған денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, архив ісі, мәдениет, спорт саласындағы, цифрлық технологиялар, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кенттер мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне келесі әлеуметтік шаралар ұсынылсын:

      1) көтерме жәрдемақы жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада;

      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит:

      ауданның әкімшілік орталығына (Жаңақорған кентіне) келген мамандар үшін - айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;

      ауданның басқа ауылдық елді мекендеріне келген мамандар үшін - айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған ауданы мәслихаты төрағасының міндетін уақытша атқарушы Ж. Амалбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады