Мәслихаттың 2026 жылғы 26 мамырдағы № 237 "Арқалық қаласы бойынша 2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Арқалық қалалық мәслихатының 2026 жылғы 14 қыркүйектегі № 255 шешімі

      Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Арқалық қаласы бойынша 2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы" 2026 жылғы 26 мамырдағы № 237 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Арқалық қаласы бойынша 2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы";

      көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабының 1-тармағына, "Кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың жылдық сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20284 болып тіркелді) Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Арқалық қаласы бойынша 2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төменгі мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 0,0137757 мөлшерінде, яғни айына пайдалы алаңның бір шаршы метрі үшін 59,58 теңге көлемінде бекітілсін.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арқалық қалалық мәслихатының төрағасы Г. Елтебаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады