"Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 249 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 12 тамыздағы № 714 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 249 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында:

      "6. Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер" деген бөлімдегі бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "15-1) енгізілген жатақхана төсек-орындарының саны (2026 жыл – 1500 орын, 2027 жыл – 2000 орын, 2028 жыл – 2000 орын, 2029 жыл – 2000 орын);";

      Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында:

      "3. Техникалық және кәсіптік білім беру – жұмысшы кадрларды даярлайтын негізгі буын" деген тарауда:

      реттік нөмірі 78-жол алып тасталсын:

      мынадай мазмұндағы нысаналы 15-1-индикатормен толықтырылсын:

      "Нысаналы 15-1-индикатор

      Енгізілген жатақхана төсек-орындарының саны (2026 жыл – 1500 орын, 2027 жыл – 2000 орын, 2028 жыл – 2000 орын, 2029 жыл – 2000 орын)";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 84-1 және 84-2-жолдармен толықтырылсын:

      "

84-1.

Қолданыстағы инфрақұрылымды кеңейту және жаңғырту арқылы студенттерді жергілікті бюджет қаражаты есебінен жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ақпарат

2026 – 2029 жылдардағы желтоқсан

ОМ, ЖАО

84-2.

Студенттерді жатақханалардағы орындармен, оның ішінде жаңа орындарды енгізу есебінен қамтамасыз ету

ОМ-ге есеп

2023 – 2029 жылдардағы
1 қазанға дейін

ЖАО, "Қаржы орталығы" АҚ (келісу бойынша)

      ";

      "6. Педагогтердің кәсіптік және мәдени капиталын арттыру" деген тарауда:

      реттік нөмірі 162-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

162.

ТжКБ ұйымдарында жұмыс істеу үшін тиісті қосымша ақы төленетін біліктілік санатын бере отырып, өндірістен мамандар тарту

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ақпарат

2023 – 2029 жылдардағы желтоқсан

ОМ, ЖАО, "Атамекен" ӨКП (келісу бойынша)

      ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады