"Психологиялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Психологиялық көмек алушының немесе оның заңды өкілінің хабардарлығы туралы келісімнің нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Арнаулы әлеуметтік қызметтер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне олардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
А. Ертаев |
| Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2026 жылғы 18 қыркүйектегі № 365 бұйрығымен бекітілген |
Психологиялық көмек алушының немесе оның заңды өкілінің хабардарлығы туралы келісімнің нысаны
Психолог туралы мәліметтер:
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда): _______________________
Психологтардың мемлекеттік тізіліміндегі тіркеу нөмірі: _____________
Білімі, біліктілігі, қызмет бағыттары: ______________________________
Байланыс деректері (телефоны, қызметті жүзеге асыру орнының мекенжайы / онлайн-платформа): _____________________________________
Мен, психологиялық көмек алушы / заңды өкіл (керегінің астын сызу):
______________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні, тұрғылықты мекенжайы (психологиялық көмек алушының/заңды өкілінің келісімі болған жағдайда)
Өкілеттікті растайтын заңды өкілдің құжаты (кәмелетке толмаған, әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектелген тұлғалар үшін):
___________________________________________________________________
өзіме / мен заңды өкілі болып табылатын тұлғаға (керегінің астын сызу) психологиялық көмек алушы өз еркіммен келісім беремін:
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні (психологиялық көмек алушының/заңды өкілінің келісімі болған жағдайда)
1. Маған психологтың біліктілігі, оның білімі, жұмыс өтілі, психологтардың мемлекеттік тізілімінде тіркелуі және қызмет бағыттары туралы ақпарат берілді.
2. Маған жоспарланған психологиялық көмектің мақсаттары, сипаты, қолданылатын әдістері және ықтимал әсерлері туралы ақпарат берілді.
3. Маған психологиялық көмектің мыналарды қамтитыны туралы ақпарат берілді (керегінің астын сызу):
психологиялық кеңес беру;
психодиагностика (тестілеу);
психокоррекция;
медициналық емес психотерапия;
дағдарыстық / шұғыл көмек;
психологиялық сүйемелдеу және қолдау;
өзге де: _____________________________________________________.
4. Психологиялық көмек көрсету нысаны (керегінің астын сызу): күндізгі/ қашықтан / аралас.
Қашықтан немесе аралас нысанда көмек көрсетілген кезде мен байланыс құралдары мен онлайн-платформаларды пайдалана отырып көмек көрсетудің ерекшеліктері мен шектеулері, оның ішінде техникалық тәуекелдер, сондай-ақ пайдаланылатын байланыс арнасының құпиялылығын қамтамасыз етуге байланысты тәуекелдер туралы хабардармын және оларды қабылдаймын.
5. Мен психологиялық көмек көрсетудің кез келген кезеңінде оны алудан бас тартуға құқығым бар екені туралы хабардармын.
6. Мен психологтың психологиялық көмектің нақты бір нәтижесіне қол жеткізуге кепілдік бермейтінін түсінемін.
7. Маған ықтимал тәуекелдер, соның ішінде психологиялық көмек көрсету процесінде туындайтын уақытша эмоционалдық жайсыздықтың ықтималдығы жөнінде ақпарат берілді.
8. Мен психологтың психологиялық көмек көрсету барысында алынған мәліметтері кәсіби құпия болып табылатыны және менің жазбаша келісімімсіз не менің заңды өкілімнің жазбаша келісімінсіз жария етуге жатпайтыны туралы хабардармын.
"Психологиялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабының 4-тармағында көзделген суицидтік мінез-құлық белгілері, адамның дағдарыстық жағдайда болғанын куәландыратын мән-жайлар, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері туралы мәліметтер болған кезде психологиялық көмек алушының не оның заңды өкілінің хабардарлығы туралы келісімі талап етілмейді.
9. Мен психологтың кәмелетке толмаған психологиялық көмек алушының заңды өкілдерін:
1) кәмелетке толмаған адамның психологиялық консультацияларға барғаны туралы;
2) кәмелетке толмаған адамның психоэмоционалдық жай-күйі қарқынының жинақталған көрсеткіштері туралы;
3) егер мұндай ұсынымдар кәмелетке толмаған адамның мүдделеріне қайшы келмесе және оның жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқығын бұзбаса, кәмелетке толмаған адаммен отбасылық және білім беру ортасында өзара іс-қимылды ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдар туралы;
4) көмек көрсету тактикасын өзгертуді немесе өзге мамандарды тартуды талап ететін кәмелетке толмаған адамның психологиялық жай-күйінің нашарлауының объективті белгілерінің болуы туралы хабардар етуге міндетті екенін түсінемін.
10. Мен Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес психологиялық көмек көрсету және тиісті құжаттаманы жүргізу үшін қажетті өзімнің дербес деректерімді (мен заңды өкілі болып табылатын тұлғаның дербес деректерін) жинау, өңдеу мен қорғауға келісім беремін.
11. Мен (керегінің астын сызу) сессиялардың аудио- және (немесе) бейнежазбасын жүргізуге (кәсіби, супервизиялық немесе оқу мақсаттарында) рұқсат етемін / тыйым саламын. Жазба болған жағдайда, ол психологта құпиялылық талаптары сақтала отырып сақталады және көзделген мақсаттарға қол жеткізілгеннен кейін не менің талап етуім бойынша, не менің заңды өкілімнің талап етуі бойынша жойылады.
12. Мен менің жағдайымды психологтың супервизорымен талқылауға (дербес деректерді, аты-жөнін және өзге де бірегей сәйкестендіру белгілерін ашпай) рұқсат етемін / тыйым саламын (керегінің астын сызу).
13. Мен материалдарды иесіздендірілген нысанда ғылыми жарияланымдарда немесе оқу мақсаттарында пайдалануға рұқсат етемін / тыйым саламын (керегінің астын сызу).
14. Мен мыналарды растаймын:
осы келісімнің барлық тармақтарын оқып шықтым және түсіндім;
психологиялық көмек көрсетудің мақсаттарына, әдістеріне және ықтимал тәуекелдеріне қатысты барлық сұрақтарыма жауап алдым;
өз келісімімді өз еркіммен, еркін, мәжбүрлеусіз беремін.
Психологиялық көмек алушы / заңды өкіл (керегінің астын сызу):
Қолы: ________________ Байланыс телефоны: _________________
Шұғыл жағдайда хабардар етілуі мүмкін тұлғаның байланыс деректері:
__________________________________________________________________
Толтырылған күні: 20__ жылғы "____" _________________.
Психолог: ____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы)
Ескертпе:
1) психологиялық көмек алушының не оның заңды өкілінің хабардарлығы туралы келісімі құпия құжат болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, психологиялық көмек алушының немесе оның заңды өкілінің жазбаша рұқсатынсыз үшінші тұлғаларға берілмейді;
2) психологиялық көмек көрсету барысында кәмелетке толмаған 18 (он сегіз) жасқа толған жағдайда, психолог психологиялық көмек алушының немесе оның заңды өкілінің хабардарлығы туралы келісімін қайтадан алады;
3) психологиялық көмек алушының немесе оның заңды өкілінің хабардарлығы туралы келісімі 2 (екі) данада жасалады, оның бір данасы психологиялық көмек алушыға/оның заңды өкіліне беріледі;
4) психологиялық көмек алушының не оның заңды өкілінің хабардарлығы туралы келісімін кәмелетке толған психологиялық көмек алушылармен жұмыс аяқталғаннан кейін кемінде 5 (бес) жыл және кәмелетке толмағандармен жұмыс аяқталғаннан кейін кемінде 10 (он) жыл сақтау ұсынылады.