Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын және олардың үлгілік нысанын әзірлеу, келісу, бекіту, іске асыру және мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 29 қыркүйектегі № 490 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 1 қазанда № 40048 болып тіркелді

      "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 41-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын және олардың үлгілік нысанын әзірлеу, келісу, бекіту, іске асыру және мониторингтеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Елішілік құндылықты дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің
міндетін атқарушы
Р. Исакулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 490

Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын және олардың үлгілік нысанын әзірлеу, келісу, бекіту, іске асыру және мониторингтеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын және олардың үлгілік нысанын әзірлеу, келісу, бекіту, іске асыру және мониторингтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 3-1) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын әзірлеу, келісу, бекіту, іске асыру және мониторингтеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ірі тапсырыс берушілер – кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды өндіру құқығына ие жер қойнауын пайдаланушылар; квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері; қуаты аз табиғи монополия субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері; жүйе түзуші кәсіпорындар;

      2) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – өнеркәсіп саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіру мен өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      3. Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын (бұдан әрі – бағдарламалар) ірі тапсырыс берушілер өздерінің сатып алуындағы елішілік құндылық үлесін арттыру мақсатында үш жыл мерзімге әзірлейді.

2-тарау. Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларды әзірлеу, келісу, бекіту, іске асыру және мониторингтеу тәртібі

      4. Бағдарламалар мынадай бағыттарды көздейді:

      1) тауарларды сатып алудағы елішілік құндылық үлесін арттыру;

      2) өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау, жасасу және орындау;

      3) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін дамыту;

      4) тауарларды өндіруді игеруді және оқшаулауды, өндірістік кооперацияны дамытуды, технологиялық дамуды және қазақстандық тауар өндірушілердің өндірістік құзыреттерін арттыруды көздейтін қосымша бағыттар.

      5. Бағдарламалардың әрбір бағыты бойынша ірі тапсырыс берушілердің нақты іс-қимылын, олардың орындалу көрсеткіштері, сондай-ақ осындай субъектілерге қатысты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалатын жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын және нақты нысаналы көрсеткіштері бар іс-шараларды қамтитын іс-шаралар жоспарлары көзделеді.

      6. Бағдарламаларды ірі тапсырыс берушілер:

      1) соңғы үш жыл ішінде тауарларды сатып алудағы елішілік құндылықтың нақты үлесі бойынша көрсеткіштер (егер қызметті жүзеге асыру мерзімі кемінде үш жылды құраса, қызметті жүзеге асырудың барлық кезеңі үшін нақты көрсеткіштер ұсынылады);

      тауарларды сатып алудағы елішілік құндылық үлесі бойынша нысаналы көрсеткіштерді белгілеу үшін жоспарланған сатып алуларға талдау жүргізу жолымен бағдарлама мерзімі кезеңінде елішілік құндылық үлесінің жоспарлы көрсеткіштері;

      2) ірі тапсырыс берушілердің сұранысына және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының өндіріс көлеміне:

      кепілдендірілген сатып алу шарттары бойынша нысаналы индикаторларды белгілеу үшін – шығарылатын өнімді жеткізу;

      офтейк-келісімшарттар бойынша нысаналы индикаторларды белгілеу үшін – өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының өндірісті кеңейтуі және/немесе жаңаларын құруы;

      келісімшарттық сатып алу шарттары бойынша нысаналы индикаторларды белгілеу үшін – офсеттік саясат қағидаттарында тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізу мүмкіндігі тұрғысынан жүргізілген талдау негізінде әзірлейді.

      7. Нысаналы индикаторлар:

      1) сатып алынатын тауарлардағы елішілік құндылық үлесі (бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар мен лицензиялар бөлінісінде сатып алынатын тауарлардағы елішілік құндылық үлесі бойынша нысаналы индикаторлар жеке белгіленеді);

      2) өнеркәсіпті сандық және ақшалай көріністе дамытуға бағытталған, жасалатын және орындалған шарттардың саны бойынша белгіленеді.

      Нысаналы индикаторларды белгілеу кезінде бағдарламалар бекітілгенге дейін жасалған өнеркәсіпті дамытуға бағытталған, қолданыстағы шарттар ескеріледі.

      8. Бағдарламалар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленеді.

      9. Бағдарламаларға ірі тапсырыс берушінің немесе тиісті мемлекеттік органның бастамасы бойынша елішілік құндылықты дамыту жөніндегі қосымша бағыттар енгізіледі.

      10. Ірі тапсырыс берушілер әзірлеген бағдарламалар уәкілетті органға келісуге жіберіледі.

      11. Қуаты аз табиғи монополия субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерінің бағдарламалары табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның жазбаша келісімін алғаннан кейін уәкілетті органға келісуге енгізіледі.

      12. Табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган және уәкілетті орган бағдарламаларды нысаналы индикаторлардың негізділігі мен өзектілігі, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі іс-шаралардың болуы тұрғысынан қарайды.

      13. Табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бағдарламаларды олар келісуге келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде келіседі.

      Уәкілетті орган бағдарламаны келісуді ол келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Бағдарламаларды тиісті мемлекеттік органдармен келісу белгіленген мерзім шегінде міндетті түрде жүзеге асырылады.

      14. Мыналар:

      1) тауарларды сатып алудағы елішілік құндылық үлесі бойынша төмендетілген нысаналы индикаторлар;

      2) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өтінімдер санын негізге алғанда өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау, жасасу және орындау жөніндегі сәйкес келмейтін индикаторлар;

      3) шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі іс-шаралардың болмауы тиісті мемлекеттік органдардың бағдарламаларды келісуден бас тартуы үшін негіз болып табылады.

      15. Бағдарламаларды келісуден бас тартылған жағдайда ірі тапсырыс беруші бас тартуды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бағдарламаларды пысықтайды және олар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде пысықталған бағдарламаларды қарайтын тиісті мемлекеттік органдарға оларды келісуге қайта ұсынады.

      16. Осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген бағдарламаларды келісуден бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда тиісті мемлекеттік органдар ірі тапсырыс берушіге бағдарламаларды келісу туралы хабарлама жібереді.

      17. Бағдарламаларды ірі тапсырыс берушілер бағдарламаларды іске асыру жоспарланған кезеңнің алдындағы 1 желтоқсанға дейін бекітеді.

      18. Бағдарламаға:

      1) тиісті мемлекеттік органмен келісу бойынша ірі тапсырыс берушінің;

      2) ірі тапсырыс берушімен келісу бойынша тиісті мемлекеттік органның бастамасы бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар жыл ішінде бір реттен артық емес енгізіледі.

      19. Ірі тапсырыс берушінің бағдарламаларда көзделген нысаналы индикаторларға қол жеткізу процесі іске асыру болып табылады.

      20. Бағдарламалардың мониторингі бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты жинау, жүйелеу, талдау және қорыту болып табылады.

      21. Бағдарламалардың мониторингін уәкілетті орган осы Қағидалардың 23-тармағына сәйкес ірі тапсырыс берушілер ұсынатын есептер негізінде жыл сайын 15 наурызға дейін жүргізеді.

      22. Бағдарламаларды мониторингтеу:

      бағдарламаларды іске асырудың ағымдағы жай-күйі туралы ақпаратты жыл сайын алуды;

      бағдарламалардың нысаналы көрсеткіштерін уақтылы өзектілендіруді қамтамасыз етеді.

      23. Ірі тапсырыс берушілер бағдарламалардың іске асырылуы туралы есепті уәкілетті органға мынадай тәртіппен ұсынады:

      1) осы Қағидалардың 7-тармағының 1) тармақшасы бойынша:

      жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 374 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17063 болып тіркелген) Жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде есептерді ұсыну қағидаларына сәйкес нысан бойынша;

      квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері, жүйе түзуші кәсіпорындар және қуаты аз табиғи монополия субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі орынбасарының – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 25 қазандағы № 331 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8923 болып тіркелген) ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту жөніндегі ақпаратты беру нысандары бойынша есептер;

      2) осы Қағидалардың 7-тармағының 2) тармақшасы бойынша:

      Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 8 маусымдағы № 325 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28451 тіркелген) Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау және жасасу қағидаларында көзделген өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттардың орындалу барысы туралы есепке сәйкес нысан бойынша;

      3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нысаналы индикаторлар мен іс-шаралардың нақты орындалуы туралы есеп.

      Уәкілетті органның сұрауы бойынша ірі тапсырыс берушілер тауарды жеткізуді растайтын құжаттарды ұсынады.

      24. Бағдарлама шеңберіндегі міндеттемелерді орындалды деп тану бағдарламаларда көзделген нысаналы индикаторларға қол жеткізілген кезде жүзеге асырылады.

      25. Кепілді сатып алу шарттарын, офтейк-келісімшарттарды және (немесе) келісімшарттық сатып алу шарттарын жасасуды және олар бойынша міндеттемелерді орындауды қоса алғанда, бағдарламаларда көзделген іс-шаралардың орындалуын растау бағдарламаны орындалды деп танудың міндетті шарты болып табылады.

      26. Бағдарламалардың орындалу фактісін уәкілетті орган бағдарламалардың жыл сайынғы мониторингінің қорытындылары бойынша осы Қағидалардың 23-тармағына сәйкес ұсынылған, бағдарламаларда көзделген барлық іс-шаралардың орындалуы және қол жеткізілген көрсеткіштер туралы мәліметтерді қамтитын есептердің негізінде растайды.

      Бұл ретте уәкілетті орган осы Қағидалардың 21-тармағында көзделген мерзімде растауды ұсынбаса, бағдарлама әдепкі қалпы бойынша орындалды деп саналады.

      27. Осы Қағидалардың 23-тармағында белгіленген тәртіппен есеп уақтылы және (немесе) мүлдем ұсынылмаса, бағдарлама орындамаған болып табылады.

      28. Бағдарламалар орындамалған жағдайда, мұндай орындамауға ірі тапсырыс беруші кінәлі болмаған жағдайларды қоспағанда, ірі тапсырыс берушіге Заңның 61-1-бабында көзделген шаралар қолданылады.

      Бағдарламаның орындалмауына ірі тапсырыс беруші кінәлі болмаса және ол еңсерілмейтін күш мән-жайларының, яғни төтенше және осы жағдайларда тойтаруға болмайтын мән-жайлардың (дүлей құбылыстар, ұрыс қимылдары, төтенше жағдай) салдарынан орындалмаған болса, осындай жағдайларға байланысты орындалмаған бағдарлама шеңберінде міндеттемелер орындалды деп саналады.

  Қағидаларға 1-қосымша

Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларының үлгілік нысаны

1. Ағымдағы жағдай

      1. Ірі тапсырыс берушілердің сатып алынатын тауарлардағы елішілік құндылық көрсеткіштерінің ағымдағы жағдайын сипаттау, оның ішінде 1-кестеге сәйкес.

            1-кесте

№

Көрсеткіш

Соңғы 3 жылдағы нақты көрсеткіштер

______ жыл

______ жыл

_____ жыл

мың теңге

ЕІҚ үлесі, %

мың теңге

ЕІҚ үлесі, %

мың теңге

ЕІҚ үлесі, %

1

2

3

4

5

6

7

8

1

ТЖҚ сатып алудың жалпы көлемі, оның ішінде:







1.1

тауарлар







1.2

жұмыстар







1.3

көрсетілетін қызметтер







      2. Елішілік құндылық үлесін арттырудағы проблемалық мәселелерді сипаттау.

2.Іс-шаралар жоспары

      Тауарларды сатып алудағы елішілік құндылық үлесін арттыру бойынша

      2-кесте

№

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімі

Өлшем бірлігі

Нысаналы көрсеткіштер

Ескертпе

______ жыл

______ жыл

______ жыл


1

2

3

4

5

6

7

8

Тауарларды сатып алудағы елішілік құндылық үлесін арттыру (%)





Қазақстандық тауар өндірушілерден тауарларды сатып алудың жалпы көлемін ұлғайту (млн теңге)





1.1

1-ші іс-шара







1.2

2-ші іс-шара







…

... іс-шара







      Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау, жасау және орындау бойынша

            3-кесте

№

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімдері

Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттар жасасу жөніндегі нысаналы көрсеткіштер

Ескертпе

_____жыл

_____жыл

_____жыл


саны

млн теңге

саны

млн теңге

саны

млн теңге


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Кепілдендірілген сатып алу шарттары








1.1

1-ші іс-шара









1.2

2-ші
іс-шара









…

... іс-шара









Офтейк-келісімшарттар








2.1

1-ші
іс-шара









2.2

2-ші
іс-шара









2.3

3-ші
іс-шара









Келісімшарттық сатып алу шарттары








3.1

1-ші іс-шара









3.2

2-ші іс-шара









3.3

3-ші іс-шара









      Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін дамыту бойынша

      4-кесте

№

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімі

Ескертпе

_____ жыл

_____ жыл

____ жыл


1

2

3

4

5

6

1

1-ші іс-шара





2

2-ші іс-шара





…

3-ші іс-шара





      Өзге бағыттар бойынша

            5-кесте

№

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімі

Ескертпе

______ жыл

______ жыл

______ жыл


1

2

3

4

5

6

1

1-іс-шара





2

2-іс-шара





…

... іс-шара





      Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары

            6-кесте

№

Қолдау шарасы

Іске асыру мерзімі

Шараның сипаттамасы

Жауапты органдар

1

2

3

4

5

1.1





1.2





…





  Қағидаларға 2-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне ұсынылады.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет–ресурсында орналастырылған (https://www.gov.kz/memleket/entities/mps?lang=kk).

      Әкімшілік нысанның атауы: нысаналы индикаторлар мен іс-шаралардың нақты орындалуы туралы есеп.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): ПРВЦ25.

      Жиілігі: жылдық.

      Есепті кезең: ____ жыл.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды өндіруге құқығы бар жер қойнауын пайдаланушылар, қуаты аз табиғи монополия субъектілерін қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері, жүйе құраушы кәсіпорындар және табиғи монополиялар субъектілері.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті жылдан кейінгі жылдың 25 (жиырма бесінші) қаңтарынан кешіктірмей.

ЖСН/БСН



      (жеке тұлғалар деректерді ұсынған жағдайда, сондай-ақ жиынтық түрде толтырылмайды)

      Жинау әдісі: "Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі" мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде.

      Тауарларды сатып алудағы елішілік құндылығы ұлесі

      1-кесте

Атауы

____ жыл

____ жыл

____ жыл

Жоспар, %

Нақты, %

Жоспар, %

Нақты, %

Жоспар, %

Нақты, %

Тауарларды сатып алудағы елішілік құндылық үлесі














      Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттар, және шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін дамыту бойынша іс-шаралар

      2-кесте

Атауы

____ жыл

___ жыл

___ жыл

Жоспар

Нақты

Жоспар

Нақты

Жоспар

Нақты

Саны

Сомасы, млн тенге

Саны

Сомасы, млн тенге

Саны

Сомасы, млн тенге

Саны

Сомасы, млн тенге

Саны

Сомасы, млн тенге

Саны

Сомасы, млн тенге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

Кепілдендірілген сатып алу шарты













Офтейк-келісімшарт













Ке,лісішарттық сатып алу шарты













Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі іс-шаралар













      Ескертпе: Нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы нысанға қосымшада келтірілген.

      Атауы ______________________ Мекенжайы_______________________

      Телефон_____________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы_________________________________________

      Орындаушы___________________________________/______________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға

      ______________________________/_____________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы

      __________________________

      Басып шығарылатын орын (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын

      адамдарды қоспағанда)

  "Нысаналы индикаторлар мен
іс-шаралардың нақты орындалуы туралы есеп"
әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға қосымша

"Нысаналы индикаторлар мен іс-шаралардың нақты орындалуы туралы есеп" өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме (ПРВЦ25, жыл сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсініктеме (бұдан әрі – Түсініктеме) "Нысаналы индикаторлар мен іс-шаралардың нақты орындалуы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі-нысан) толтыру бойынша бірыңғай тәртіпті айқындайды.

      2. Нысанға кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды өндіруге құқығы бар жер қойнауын пайдаланушылар, қуаты аз табиғи монополия субъектілерін қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері, жүйе құраушы кәсіпорындар және табиғи монополиялар субъектілері немесе есепке қол қоюға уәкілеттік берілген адамдар және жауапты тұлға қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      1. Нысанның 1-кестесі бойынша мынадай тәртіппен толтырылады:

      1) 1-бағанда Көрсеткіштің атауы көрсетіледі. Бұл нысанда бір негізгі индикатор пайдаланылады: "Тауарларды сатып алудағы елішілік құндылық үлесі".

      2) 2, 4, 6-бағандарда тиісті есепті жылға арналған көрсеткіштің жоспарлы мәні көрсетіледі (пайызбен, оныншы дәлдікпен).

      3) 3, 5, 7-бағандарда есепті жылдың қорытындылары бойынша көрсеткіштің нақты мәні көрсетіледі (пайызбен, оннан онға дейінгі дәлдікпен).

      Қосымша түсініктемелер:

      кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды өндіруге құқығы бар жер қойнауын пайдаланушылар келісімшарттар мен лицензиялар бөлінісінде кестені толтырады

      2. Нысанның 2-кестесі бойынша мынадай тәртіппен толтырылады:

      1) 1-бағанда іс-шараның атауы, оның ішінде шарттың түрі көрсетіледі:

      "Кепілдендірілген сатып алу шарты";

      "Офтейк-келісімшарт";

      "Келісімшарттық сатып алу шарты";

      "Шағын және орта кәсіпкерлікті (ШОБ) дамыту жөніндегі іс-шаралар".

      2) 2-бағанда есепті жылға арналған шарттардың жоспарлы саны көрсетіледі.

      3) 3-бағанда есепті жылға жасалған шарттардың жоспарлы сомасы (млн теңгемен) көрсетіледі.

      4) 4-бағанда есепті жылы орындалған шарттардың нақты саны көрсетіледі.

      5) 5-бағанда есепті жыл үшін шарттар бойынша орындаудың нақты сомасы (млн теңгемен) көрсетіледі.

      6) 6-бағанда келесі жылға арналған шарттардың жоспарлы саны көрсетіледі.

      7) 7-бағанда келесі жылға арналған шарттар бойынша жоспарлы сома (млн теңгемен) көрсетіледі.

      8) 8-бағанда келесі жылы орындалған шарттардың нақты саны көрсетіледі.

      9) 9-бағанда келесі жылы орындаудың нақты сомасы көрсетіледі (млн теңгемен).

      10) 10-бағанда үшінші жылға арналған шарттардың жоспарлы саны көрсетіледі.

      11) 11-бағанда үшінші жылға арналған шарттар бойынша жоспарлы сома (млн теңгемен) көрсетіледі.

      12) 12-бағанда үшінші жылы орындалған шарттардың нақты саны көрсетіледі.

      13) 13-бағанда үшінші жылы орындаудың нақты сомасы (млн теңгемен) көрсетіледі.

      Қосымша түсініктемелер:

      кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды өндіруге құқығы бар жер қойнауын пайдаланушылар қажет болған жағдайда келісімшарттар мен лицензиялар бөлінісінде кестені толтырады.

      Барлық мәндер ҚҚС есебінсіз, млн теңгемен, үтірден кейін бір белгіге дейін дөңгелектеніп көрсетіледі.

      Сомалар тиісті шот-фактуралармен немесе жеткізу/орындау құжаттарымен расталуы керек.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады