Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 30 қыркүйектегі № 285-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 1 қазанда № 40060 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы
Ж. Шарабасов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және ақпарат министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Туризм және спорт министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 285-НҚ Бұйрығымен
бекітілген

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгі қағидаларында:

      30-тармақта:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) күндізгі оқыту нысанында білім алушылардың денсаулық жағдайына байланысты қорытынды аттестаттау мерзімін жылжыту құқығын растайтын құжаттар.";

      7) тармақшасы алып тасталсын.

      2. "Мектепке дейінгі ұйымдардың және жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныптарының, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20317 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      8-қосымшамен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың нысандарында:

      "Білім алушылардың атаулы кітабы" нысанында:

      ескертпеде:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Күндізгі, кешкі оқу және экстернат нысанында білім алатын контингенттер үшін білім алушылардың жеке атаулы кітаптары жүргізіледі.";

      "Білім алушының студенттік билеті" нысанының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Студенттік билет";

      ескертпеде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Билеттің ішкі бөлігінің сол жақ жоғары жағына оқу нысаны (күндізгі, кешкі, экстернат) көрсетілген мөртабан қойылады.".

      3. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      5-қосымшамен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Міндетті оқу сабақтарын оқу уақытының көлемі кешкі оқыту нысаны үшін күндізгі оқыту нысанына көзделген тиісті оқу уақыты көлемінен 70%-ды құрайды.";

      6-қосымшамен бекітілген Орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Міндетті оқу сабақтарын оқу уақытының көлемі кешкі оқыту нысаны үшін күндізгі оқыту нысанына көзделген тиісті оқу уақыты көлемінен 70%-ды құрайды.".

      4. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, тиісті типтердегі және түрлердегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2-қосымшамен бекітілген Орта білім беру (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Жеке тұлғаның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін, барлық деңгейде білім алудың қолжетімділігін қамтамасыз етуді ескере отырып, оқыту оқу бағдарламаларының мазмұнына қарай күндізгі, кешкі, қашықтан оқыту және экстернат нысанында жүзеге асырылады.";

      124-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "124. Кешкі мектеп бір уақытта бір білім беру ұйымының шегінде мынадай нысандар бойынша оқытуды жүзеге асырады: күндізгі, кешкі, жеке, экстернат.";

      128, 129 және 130-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "128. Кешкі оқыту нысанында сыныптар кемінде 9 білім алушы болған жағдайда ашылады.

      129. Қажетті қаражат пен жағдайлар болған кезде жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша кешкі мектептердің жанынан оқу-кеңес беру пункттері, толымдылығы аз сыныптар (1-ден 8 білім алушыға дейін) ашылады.

      130. Кешкі мектеп кәсіпорындар мен білім беру ұйымдарында оқу-кеңес беру пункттерін, сыныптар құрады.";

      131-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "131. Жалпы білім беретін мектептер жанында оқу-кеңес беру пункттері, жеке топтар, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептерде кешкі бөлімдер:";

      132-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "132. Күндізгі оқыту нысаны бойынша оқу-кеңес беру пункттерінің білім беру процесін ұйымдастыру осы Қағидалар негізінде жүзеге асырылады.";

      136-тармақ алып тасталсын.

      147-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "147. Кешкі оқыту сабақтарын сессиялық режимде ұйымдастыру кезінде сессиялардың уақытын кешкі мектептің педагогикалық кеңесі белгілейді.";

      3-қосымшамен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:

      16-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Жеке адамның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнына, техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарында білім алуға қолжетімділік жағдайларының жасалуына қарай оқыту мынадай нысандарда жүзеге асырылады: күндізгі, кешкі (кешкі нысанда алу көзделмейтін мамандықтардың жекелеген біліктіліктерін қоспағанда) және (немесе) онлайн-оқыту.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында бөлімшелер (күндізгі, кешкі) кадрлар даярлау кезінде бір немесе бірнеше мамандықтар бойынша құрылады.";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Жеке тұлғаның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнына, ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алуға қолжетімділік жағдайларының жасалуына қарай оқыту күндізгі, кешкі, экстернат және білім беруде ерекше қажеттіліктері бар адамдар (балалар) үшін қашықтықтан оқыту нысанында жүзеге асырылады.";

      4-қосымшамен бекітілген Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:

      13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Жеке адамның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнына, ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алуға қолжетімділік жағдайларының жасалуына қарай оқыту күндізгі, кешкі нысанында жүзеге асырылады.";

      14-тармақтың екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. ОБК білім беру бағдарламаларының мазмұны теориялық сабақтарды, зертханалық-практикалық жұмыстарды орындауды, өндірістік оқудан және кәсіптік практикадан өтуді қамтитын жалпыға міндетті, базалық және кәсіптік модульдерді меңгеруді қарастырады.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Кадрларды даярлау бейініне қарай мамандықтар бойынша ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін басқару үшін мамандықтар (кәсіптер) топтары, оқу нысандары мен оқыту тілдері бойынша бөлімдер және басқа да құрылымдық бөлімшелер құрылады.

      Бір немесе бірнеше бейіндес мамандықтар мен кәсіптер бойынша кадрлар даярлау кезінде күндізгі және кешкі бөлімдер құрылады.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы бөлімшелер (күндізгі, кешкі) бір немесе бірнеше мамандық бойынша кадрлар даярлау кезінде құрылады.

      ОБК білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу күндізгі, кешкі және (немесе) онлайн-оқыту нысандарында жүзеге асырылады.".

      5. "Орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, оның ішінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларында, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген, төтенше жағдайлар жарияланған кезде қашықтан оқыту бойынша және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ қашықтан оқытуды ұсыну бойынша білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 27 қарашадағы № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33682 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, оның ішінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларында, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген, төтенше жағдайлар жарияланған кезде қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. ТжКББ ұйымдарында кешкі, сонымен қатар экстернат нысанында оқыту кезінде Заңның 5-бабы бірінші бөлігінің 45) тармақшасына сәйкес мамандықтар және біліктіліктер бойынша өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы ұйымдастыруға көзделген академиялық сағаттарды/кредиттерді қоспағанда, жұмыс оқу жоспарына сәйкес барлық оқыту кезеңі үшін академиялық сағаттардың/кредиттердің жалпы көлемінің жиырма пайыздан аспайтын бөлігін қашықтан оқытуға ауыстыруға жол беріледі.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады